​Алматының "смотрящилері" болған екі кісі ұсталды

0
1 318

Алматыда жалған полицейлер кісі тонаумен айналысқан. Олар ұсталып, қамауға алынды.


​Алматының

ERNUR.KZ. Алматыда көшеде кісі тонаумен айналысқан жалған полицейлер "қылмыс ізі суымай" ұсталды, деп жазады Zakon.kz .

Тонау туралы хабарға бірінші болып "Буран-173 жол-патруль полициясының экпажы" елең етті. Таңертең жұмысқа бара жатқан екі дос жігіт жолда өздерінің тоналғанын айтып берген.

– Жігіттерді тоқтатқандар өздерін полицейлер деп таныстырып, осы ауданда кісі тоналды, қазір барлық күдікті тұлғаларды тексеріп жүрміз деп алдаған. Жәбірленушілердің бірі ойланбастан өз телефонын жалған полицейге бере салған. Қызметтік куәлік көрсетуін сұрағанда, "полицейлер" өз образын "районның смотрящиіміз" деп өзгертіп, телефонды күшпен тартып алған. Бірнеше топ маңайды жіті шолуға кірісіп, әлгі жерден алыс емес тұстағы алаңқайда күдіктілер ұсталды. Жәбірленушілер оларды жазбай таныды, – деп хабарлады жол-патруль полициясы полкының командирі полция полковнигі Манап Саттаров.

Ұсталған екі күдікті – жұмыссыз жүрген жігіттер екен. Тергеу жүріп жатыр.