Полицейдің бүйрегі істен шыққан. Көп жүрсе есінен танып құлайды.
Биылғы қаңтар айының басында Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде полицейлер мен әскери қызметшілер қаза болды, ауыр жарақаттар алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Дәл сол күндері қоғам қауіпсіздігі үшін қызмет етуге шыққандардың бірі – Ғазиз Нұрғалымов. Ол – Алматы қаласы Әуезов аудандық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы. Ішкі істер органдарында 2014 жылдан бері жұмыс істейді.
Тәртіпсіздік кезінде топтың тепкісінің астында қалған полиция аға лейтенанты бүгінде қалалық ауруханалардың бірінде ем алуда. Мойынан темірмен соққы алған инспектор Polisia.kz сайтына берген сұхбатында оқиғаның мән-жайын толықтай баяндап берген.
Бала кезден полицей болуды армандаған Ғазиз әрдайым азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызмет етуге дайын.
“Аман-есен ауруханадан шықсам, жұмысымды жалғастырамын”, – дейді ол.
Қаңтар айының басында орын алған мемлекеттік төңкерісті болдырмау кезінде жалпы 3037 полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі түрлі жарақат алды. Қазіргі таңда 107 қызметкер әртүрлі ауыр жарақаттарымен ем алуда.