Партия мәліметінше, қазіргі уақытта тиісті брендбук дайындалып жатыр.
ERNUR.KZ. Amanat (бұрынғы Nur Otan) партиясы мемлекеттік қайта тіркеуден өтті. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.
"Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға толық сәйкес келеді. Қайта тіркеу "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" заңға және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізілді", - делінген хабарламада.
Партия мәліметінше, қазіргі уақытта тиісті брендбук дайындалып жатыр. Сондай-ақ, партияның ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарын жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.