Әміржан Қосанов не себепті Ұлттық кеңестің құрамында жоқ екенін айтты

0
971

Билік бірді - екілі Жарлыққа қол қою арқылы азаматттардың сенімін бірден қайтарып ала алмайды. Сенімді қайтару – ұзақ процесс.


Әміржан Қосанов не себепті Ұлттық кеңестің құрамында жоқ екенін айтты

ERNUR.KZ. Әміржан Қосанов exclusive.kz сайтына сұхбат берді. Сұхбат барысында Қосанов Ұлттық кеңеске қатысты пікір білдірді, деп жазады qamshy.kz.

— Не себепті сайлаудан 2-орын алған кандидат Ұлттық кеңестің құрамында жоқ? Логика қайда?

— Бұл Ұлттық кеңесті құрушыларға қойылуы керек. Биліктің логикасына мен жауап бере алмаймын.

— Сізге 1,5 млн қазақстандық дауыс берді. Олардың сізге артқан сенімі билікке қажет емес пе? Әлде бұл кеңес те халықты алдарқату үшін құрылды ма?

— Билікке қарсы 1,5 млн адамның көзқарасы, ойы жоғары деңгейде талқылануы керек. Соған байланысты саяси шешімдер де қабылдануы тиіс. Билік бірде-екілі Жарлыққа қол қою арқылы азаматттардың сенімін бірден қайтарып ала алмайды. Сенімді қайтару – ұзақ процес. Иә, қоғамның билікке қоятын сұрақтары көп.

Ал екінші сұраққа келетін болсам... Бұл елдегі жалғыз оппозиция өкілі емеспін. Мен басқа да миллиондаған адамдардың бірімін. Сондай-ақ менің Кеңеске кіру, кірмеуім кеңесті бағалаудағы жалғыз критерий емес. Басқа да лайықты адамдар бар.

Сол себепті Ұлттық кеңестің жасанды немесе жасанды емес екенін құрам мүшелерінің іс-әрекеті мен нәтижесіне қарап қана баға бере аламын. Сондай-ақ кеңес құрамындағы кейбір адамдарды мен құрметтеймін. Жас кезімізде «аштық ереуілінен басқаның бәріне дайынмын» деген сөз айтылатын еді. Сол секілді мен халық пен билік арасында диалог орнатуға бағытталған кез келген бастаманы қолдаймын. Бір орында тұрғаннан бір қадам алға жылжыған дұрыс. Немесе Құдай сақтасын артқа қайт. "Балапанды күзде санайды" демекші, әліптің артын бағайық.

— Айтпақшы, сізге Ұлттық кеңестің құрамында не себепті жоқ екеніңізді түсіндірді ме?

–Жоқ. Тіпті, мен Ұлттық кеңестің мүшесі болмағаныма қатты қуаныштымын. Себебі егер мен келісім берсем (Ұлттық кеңеске кіруге — Ред), мені диалогқа қауқарсыз деп айыптар еді. Егер келісім берсем, жүйенің адамы дер еді.