Анасын ұрып өлтірген Риддер тұрғыны 6 жылға бас бостандығынан айырылды

0
431

Кінәлі істеген әрекетіне өкінетіндігін жеткізді. .


Анасын ұрып өлтірген Риддер тұрғыны 6 жылға бас бостандығынан айырылды

ERNUR.KZ. Былтыр 30 қарашада Риддер қаласында А.Шушаков есімді азамат жанжал барысында анасының бетіне бірнеше рет соққы жұмсаған. Сондай-ақ оқиға кезінде ол ішімдік ішкен, деп жазады Azattyq Rýhy.

Арада бірнеше күн өткен соң (3 желтоқсанда) ауыр дәрежедегі дене жарақатын алған 89 жастағы кейуана көз жұмды.

Риддер қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, кінәліге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігіне (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған) сәйкес қаралған қылмыстық іс мәресіне жетті. Сот барысында сотталушы өз кінәсін толықтай мойындап, істеген ісіне өкінетіндігін жеткізді.

Сот қаулысы бойынша айыпталушы 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Екі тарап та үкіммен келісіп, апелляциялық шағым түсірмеген. Үкім толықтай заңды күшіне енді.