Әр қабатта медициналық пункт бар: Алматыда заманға сай жатақхана пайдалануға берілді

0
415

Студенттер үйі жеке инвестордың қаржыландыруымен мемлекеттік тапсырыс бойынша салынды.


Әр қабатта медициналық пункт бар: Алматыда заманға сай жатақхана пайдалануға берілді

ERNUR.KZ. Алматыда 980 орындық жаңа жатақхана пайдалануға берілді. Заманауи үлгіде салынған тоғыз қабатты екі ғимаратта студенттерге барлық жағдай жасалған, деп жазады sputnik.kz.

Бөлмелер тоңазытқышпен, шкафтармен жабдықталған. Әр қабатта медициналық пункт, демалыс және оқу залы бар. Студенттер үйі жеке инвестордың қаржыландыруымен мемлекеттік тапсырыс бойынша салынды.
Шаһарда жаңа жатақхана тұрғызып, сондай-ақ, ескі ғимараттарды студенттерге арнап қайта қалпына келтіруге 100-ден аса инвестор ниет білдірген. Қазір онда 35 жоғары оқу орны бар, оларда 200 мыңға жуық студент білім алады. Оның 120 мыңы ел аймақтарынан келген.
"Қыркүйек айының соңында біз 1,5 мың студентке арналған жеті нысанды іске қостық. Осы жылдың соңына дейін тағы 2,5 мың орындық 7 нысан пайдалануға беріледі. Алматы қаласын дамыту бағдарламасына сәйкес 2030 жылға қарай жатақхана тапшылығы мәселесін толығымен шешуіміз керек. Яғни 32 мың төсек-орынға арналған жатақхананы қолданысқа беру жоспарланған", - дейді қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы Қайыржан Меңдіғалиев.