Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды

0
1 195

Ол қаржы жымқырды деген айыппен сотталды.


Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Астанадағы Байқоңыр ауданының №2 соты Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты үкімді шығарды. Ол 8 жылға сотталды, деп жазады zakon.kz.

Ұлттық музейдің бұрынғы директоры, бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты үкімді судья Бағлан Ыдырысов оқыды.

Экс-министр Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды.

Ұлттық музейдің бұрынғы директоры бұрынғы орынбасары Алмаз Нұразхан мен тағы екі айыпталушы Азамат Көшенов пен Айым Сәдуақасова "Алтын адам шеруі" көрмесін өткізуге бөлінген 221 миллион 411 мың 730 теңге қаржы жымқырды деген айыппен сотталды.

Астанадағы Байқоңыр ауданының №2 сотында Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша негізгі сот отырысы 17 сәуірде басталды.

5 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты "Антикор" қызметкерлеріне жала жабу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастайтынын мәлімдеді.

12 маусымда өткен сот отырысында айыптаушы тарап Арыстанбек Мұхамедиұлын 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.