Ол пара беруге итермелеу күдігіне ілінді.
ERNUR.KZ. 8 жылға бас бостандығынан айырылған Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты 2 айға қамауға алынды, деп жазады inbusiness.kz.
"2023 жылғы 3 шілдеде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М. Тулеевті 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген Астана сотының хабарламасында.
Айта кетсек, 3 шілде күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты қамауға алынғаны туралы хабарлады. Адвокат пара беруге итермелеу күдігіне ілінді. Ал А.Мұхамедиұлының әйелі пара беруге оқталды деп күдіктеліп отыр.
Еске салайық, Арыстанбек Мұхамедиұлына 2023 жылғы 20 маусымда сот үкімі шығып, ол 8 жылға сотталды.