Арыстанбек Мұхамедиұлының туысы жерді өз бетінше басып алды деп айыпталды

0
695

Алматы облысында экс-мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының отбасы төңірегінде жанжал шығып жатыр.


Арыстанбек Мұхамедиұлының туысы жерді өз бетінше басып алды деп айыпталды

ERNUR.KZ. Арыстанбек Мұхамедиұлының әпкесі жерді өз бетінше басып алды деп айыпталды, деп жазады tengrinews.kz.

Алматы облысында экс-мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының отбасы төңірегінде жанжал шығып жатыр. Бұрынғы министрдің әпкесі жерді өз бетінше басып алды деп айыпталып отыр. Тұздыбастау ауылының тұрғындары жолсыз қалғандарын айтып отыр. Олардың айтуынша, жол бойында жылқыларға арналған ағаш қора пайда болған. Оннан аса отбасы көршісінің кесірінен зардап шегіп жатыр дейді жергілікті тұрғындар. Адамдар көліктерін тастап, жаяу жүруге мәжбүр. Дәрігерлер де, өртсөндірушілер де өте алмайды.

"Біз көлікті басқа жолға қалдырамыз. Қазір көршілер бәрі қоршау қойып жатыр. Жақында қоршаулардан секіріп өтетін шығармыз. Барлығын қоршағанмен қоймай, мал ұстайды, түнде қалдықтарды шығарады, демалу мүмкін емес. Жол да жоқ. Біз әкімдікке бардық, прокуратураға жаздык, сотқа бердік, бірақ бәрі бізден бас тартқан сияқты", - дейді жергілікті тұрғын.

Тұздыбастау ауылы тұрғындарының айтуынша, жалпыға ортақ жолды экс-мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының туыстары қоршап алған.

"Бұл үйдің иесі Арыстанбек Мұхамедиұлының әпкесі. Олар бұл жерді заңсыз иемдеіп алды деп ойлаймын, себебі бұл аумақ зираттың санитарлық-қорғау аймағы болып саналады. Ережеге сәйкес арақашықтық 400 метрден кем болмауы керек. Оның үстіне су қорғау аймағы да бар", – дейді жергілікті тұрғын Ермұхамед Маралбек.

КТК мәліметінше, үй иесі ашулы көршілеріне шығып, Арыстанбек Мұхамедиұлының әпкесі сонда тұратынын растаған. Ал өзі оның күйеуі екенін айтты.

"Осыдан 15 жыл бұрын осында көшіп келгенімде мұнда шаруа қожалығы болатын. Осы жерге өзім жол салдым. Бір күні көршім келіп, оның аумағына өтіп кеткенімді айтты. Басқалар жоспарды өзгертіп жіберіпті. Олар мені жылжытып тастаған. Бірақ бұл жердің бәрі менікі. Жер маған тиесілі. Мен адвокат жалдадым. Жолды ашпаймын. Соттың шешімін күтемін", - дейді ол.

Жанжалға ауылдық округ әкімдігі пікір білдірді.

"Ол тұрғын мемлекет мүлкін басып алып, қоршап салған. Осы уақытқа дейін не болғанын білмеймін. Біз екі-үш рет сотқа тапсырдық. Бірақ барлық жерде бас тартты", - деді Тұздыбастау ауылдық округі әкімнің орынбасары Гаухар Білібаева.

Жергілікті билік жер инспекциясы жағдайды жақын арада ретке келтіреді деп сендіреді. Ал егер олар жолдың заңсыз жабылғанын дәлелдесе, жауаптыларға ірі көлемде айыппұл салынады.