Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Чехиядан экстрадицияланды

0
639

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Чехиядан экстрадицияланды

ERNUR.KZ. Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдікті «Ж»-ны аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Чехиядан экстрадициялады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Ол 2021 жылдың көктемінде жәбірленушіге халық тұтынатын тауарларды Қазақстаннан Ресейге тасымалдау қызметін ұсынып, одан кейін алдау арқылы жәбірленушінің 19 миллион теңгеге жуық тауарын иемденіп, оны басқа тұлғаларға сатып, ақшасын жымқырған деген күдікке ілінген», - делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Қылмыс жасағаннан кейін күдіктініңжасырынуына байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды. Биылғы қаңтарда ол Чехияда ұсталды.

«Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.