Әскерден тағы да қаралы хабар: Жаркентте офицер қаза тапты

0
249

Қайғылы жағдай бүгін диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақтар өткізу кезінде болған.


Әскерден тағы да қаралы хабар: Жаркентте офицер қаза тапты

Көрнекі сурет

ERNUR.KZ. Жетісу облысындағы Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері жоспардан тыс сабақтар өткізу кезінде алған жарақатынан қайтыс болды, деп жазады ulysmedia.kz.

Бұл туралы Құрлық әскерлері қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлім етті.

Ведомство мәліметі бойынша, қайғылы жағдай бүгін диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақтар өткізу кезінде болған.

“Қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері алған жарақатынан қайтыс болды.Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі” деп мәлімдеді баспасөз қызметі өкілдері.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалған.