Астаданағы көшеге қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің есімі берілді

0
450

Өрт сөндірушінің естелік суреті Астанадағы Пушкин көшесінде орналасқан "Құтқарушылар саябағындағы" ақпарат тақтаға қойылады.


Астаданағы көшеге қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің есімі берілді

ERNUR.KZ. Астанадағы көшеге өрттен жұртты құртқарам деп қаза болған өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің есімі берілді, деп жазады stan.kz.

“Астананың ономастика комиссиясының отырысында Есіл ауданында орналасқан Е-583 көшесіне жұртты құтқарған және өртті сөндіру кезінде ерлікпен қаза тапқан Асқар Забикулиннің есімін беру туралы шешім қабылданды. Бұрын ондағы көшелерге өрт сөндіруші Саят Абеев пен гранатаны кеудесімен жауып, террористі залалсыздандырған полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың есімі берілген еді”, – дейді әкімдік.

Сонымен қатар әкімдік қала мәлихаты мен қоғам кеңесіне Асқар Забикулин жұмыс істеген №6 арнайы өрт сөндіру бөліміне марқұмның есімін беріп, алдына ескерткіш орнату қажет деп ұсыныс айтқан.

Өрт сөндірушінің естелік суреті Астанадағы Пушкин көшесінде орналасқан "Құтқарушылар саябағындағы" ақпарат тақтаға қойылады. Бұл саябақта бұрын қаза тапқан құтқарушыларды еске алуға арналған ақпарат жарияланған.

Еске салайық, 16 қарашада “Қаһарман” тұрғын үй кешенінде өрт шыққан еді. Құтқарушылар 15 тұрғынды алып шықты. Ауруханаға алты адам түскен. Солардың арасында үстін күйік шалған екі өрт сөндіруші болды. Оның біреуі – үш адамды құтақарып қалған Асқар Забикулин. Төрт күннен соң өрт сөндіруші есін жимастан көз жұмды.

Тоқаевтың тапсырмасына сай, Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтер беріліп, алты миллион теңге несиесі жабылды.