Бетондағы жамау-жамау ағаш уақытша қойылған болып шықты.
Фотоколлаж/Әбілқасым Есентаев
ERNUR.KZ. Астана LRT компаниясы желіде тараған суретке қатысты түсініктеме берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде екі бетон жолдың бір-бірімен ағаш арқылы жамалған суреті тараған еді. Редакция қала халқының қауіпсіздігіне алаңдап, LRT компаниясына сұрау салған болатын.
«Ш.Қалдаяқов пен Қ.Қуанышбеков көшелерінің қиылысындағы LRT құрылыс учаскесінде 114-115 аралықта монолитті арқалықтар арасындағы түйісте NR14 тіреуішінде алдын ала тіреу арқандары аяқталғаннан кейін монолитті арқалықтардың ішкі жағын бетондау үшін қалып орнатылды», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Компания суретте көрініп тұрғандай, бір күннің ішінде ағаштарды шешіп қойған.