Астана полицейлері 130-дан астам шетел азаматы заңсыз жүргенін анықтады

0
218

Олардың кейбірі әуежайға жеткізіліп, еліміздің аумағынан мәжбүрлеп шығарылды.


Астана полицейлері 130-дан астам шетел азаматы заңсыз жүргенін анықтады

фото: Sputnik / Алексей Филиппов

ERNUR.KZ. Астана қаласында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қазақстанда болу ережемін бұзғаны үшін 132 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады sputnik.kz.

Құжаттарды дайындау бойынша шараларды қабылдамағаны үшін Қазақстан Республикасының 26 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Шетелдік жұмыс күші мен еңбек иммигранттарын жұмысқа тарту мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған 3 азамат жауапкершілікке тартылды. Елден 35 шетел азаматы шығарылды", - деп жазылған хабарламада.
Бұрын Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылып, алайда сот үкімін орындамай елге қайта келген Тәжікстан Республикасының төрт азаматы анықталды. Аталған шетел азаматтары әуежайға жеткізіліп, полиция қызметкерлерінің бақылауымен еліміздің аумағынан мәжбүрлеп шығарылды.
Тәртіп сақшылары елге заңсыз келген шетел азаматтары туралы ақпарат болса, дереу жақын жердегі ішкі істер бөліміне немесе "102" нөміріне хабарласуды сұрайды.