Бұған дейін CTS наурыз айында елорданың қоғамдық көлігінің жылжымалы құрамы 18 метрлік жаңа 40 автобуспен толығатыны туралы хабарлаған болатын.
ERNUR.KZ. Астанада 18 метрлік 40 жаңа автобус шығарылды, деп жазады inbusiness.kz.
Бұған дейін CTS баспасөз қызметі наурыз айында елорданың қоғамдық көлігінің жылжымалы құрамы 18 метрлік жаңа 40 автобуспен толығатыны және ресімдеу, жабдықты орнату жұмыстары аяқталғаннан кейін қала бағдарларына қосылатыны туралы хабарлаған болатын.
"Осы 40 автобус дайын болды және олар № 44, 10, 9, 7 бағдарларына жіберілді. Оның ішінде 16 автобус № 44 бағдарға жіберіліп, бағдардың жылжымалы құрамы толықтай 18 метрлік автобустарға ауыстырылды. 14 автобус № 7 бағдарға жіберілсе, қалған автобустар № 9 және № 10 бағдарларына бөлінді", - делінген хабарламада.