Мұндай заңбұзушылықтар анықталған жағдайда заңға сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылатыны атап өтілді.
ERNUR.KZ. "Әуежай Астана" кеден бекетінде 100 миллион теңгеден аса қаражат пен алтын құймасын заңсыз әкету деректері анықталды, - деп жазады Tengrinews.kz.
Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі сәуір және мамырда Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Ауежай Астана" кеден бекетінде кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде 100 миллион теңгеден аса сома ақшалай қаражатты заңсыз әкету деректері анықталғанын, сондай-ақ бір құйма тазартылған алтынды әкету әрекетінің жолын кескенін хабарлады.
Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесе жүргізілген шаралар нәтижесінде Астана-Анталия рейсін кедендік бақылау кезінде сұрау және багажды тексеру кезінде 118 392 доллар, 28 750 рубль, 92 885 еуро сомасына декларацияланбаған қолма-қол ақша табылған.
Қаржы министрлігі жеке тұлғалардың Қазақстаннан 10 мың доллар баламасынан асатын қолма-қол шетел валютасы мен шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге, сондай-ақ тазартылған алтынды әкетуге тыйым салынғанын еске салады.
Мұндай заңбұзушылықтар анықталған жағдайда заңға сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылатыны атап өтілді.