Қазір осыған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Фото: Видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Астанада белгіленбеген тұстан өтіп бара жатқан ер адамды автобус қағып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Қазіргі уақытта осыған байланысты тергеу жүріп жатыр. Видеодан зардап шеккен ер адамның жатқанын көруге болады.
«Осы жылдың 7 қарашасында Шарбақты көшесінде маршруттық автобус жүргізушісі белгіленбеген жерден жол бөлігін кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Алған жарақаттардың салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру жүріп жатыр», - делінген қалалық Полиция департаменті хабарламасында.