Астанада дәстүрлі емес медицинаның көмегіне жүгінген адам қайтыс болды

0
425

Сараптама өлімге анафилактикалық шок себеп болғанын көрсеткен.


Астанада дәстүрлі емес медицинаның көмегіне жүгінген адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Астана тұрғыны дәстүрлі емес шығыс медицинасымен айналысқаны үшін сотталды. Оның кінәсінен науқас көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.

Анықталғандай, клиникаға жүгінген пациент ұйқышылдыққа шағымданған. Емдеу барысында оған Қазақстанда лицензияланбаған препарат егіледі. Содан кейін науқастың жағдайы күрт нашарлайды. Марқұм есін жимастан біраз уақыттан кейін қайтыс болған.
"Мемлекеттік айыптаушы абайсызда адам өліміне әкеп соққан, дәстүрлі емес шығыс медицинасымен айналысқан сотталушының кінәсін дәлелдеді. Сотталған адам тиісті куәліктері мен лицензиясы жоқ болса да медициналық қызметпен айналысқан. Сараптама қорытындысы өлім себебі анафилактикалық шок болғанын көрсетті", - делінген хабарламада.
Сот үкімімен кінәлі адам медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, сотталды.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды осы қызмет түрімен айналысуға тиісті рұқсаты жоқ тұлғаларға медициналық көмекке жүгінбеуге шақырады.