Астанада ұсталған мұнайшылардың лидерлері видеоүндеу жасады.
ERNUR.KZ. Наразылық білдіруге келген бастамашыл топтың өкілі бүгін жұмысшылардың барлығы пойызбен және ұшақпен үйіне қайтатынын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
"ҚазМұнайГазға" қатысты түйткілді мәселені шешу үшін бірнеше адам Астанада қалады. Айтуларынша, олар өңірде ұлттық компанияға жұмысқа орналасу мәселесін шешеді.
Сондай-ақ мұнайшылар барша Маңғыстау тұрғынына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
11 сәуір күні кешке Астанадағы Дөңгелек алаңда ереуілге шыққан мұнайшылар рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырғаны үшін ұсталды. Мұны естіген жаңаөзендіктер әкімдік алдына жиналып, елордада қамауда отырғандарды босатуды талап етті.