Марафон мақсаты – «этно-стиль» бағытында жұмыс істейтін дизайнерлердің басын біріктіру.
сурет: assembly.kz
Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы елорданың 20 жылдығына арналған II халықаралық этникалық сән марафонын өткізеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Марафон мақсаты – «этно-стиль» бағытында жұмыс істейтін дизайнерлердің басын біріктіру. II халықаралық этникалық сән марафонына қатысуға жас дизайнерлерді, құрылымдаушы-сәнгер мамандығы бойынша білім алып жатқан жоғары және кәсіби техникалық оқу орындарындағы студенттерді, этномәдени бірлестіктердің, сондай-ақ бизнес қауымдастығының өкілдерін мен басқа да қызығушылық танытқан азаматтар қатыса алады. Сәндік марафон аясында бірегей қолөнер бұйымдарының көрмесі мен қолөнершілердің шеберлік сыныптары өткізіледі. Ұлттық киімдер көрсетіліміне қатысу талабы мынандай:
- «Прет - а - порте» (күнделікті киім), «авангард» (сахналық киім) стилі бағытындағы топтаманы әзірлеу;
- топтамалық бұйымдардың саны – үш өңделіп шығарылған кескін;
- қатысушы үлгіге сәйкес анкетаны толтыруы тиіс және сән үлгісіндегі киімдер фотосын (сурет сапалы үлгідегі .jpg форматында) көрсетілген форматқа байланысты жіберуі тиіс. Эскиздерді е-mail lauradesignkz@gmail. сom поштасына жіберу қажет.
- киімдер ұсынылу (сурет үлгісінде немесе эскиз бойынша таңдалған болуы тиіс) және киімді суреттеу;
- каталог үшін деректер (электрондық үлгідегі фотопортрет, сондай-ақ дизайнерлер топтамасы мен дизайнерлер туралы қысқаша ақпарат болуы тиіс, ал киімдер таныстырылымының сипаттамасы (эскиз үлгісінде немесе фото үлгісінде таңдау бойынша) және киімді суреттеу болуы тиіс.