Астанада қатты желден кран құлап кетті (видео)

0
243

Оқиға "Рио-де-Жанейро" тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болған.


Астанада қатты желден кран құлап кетті (видео)

Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Астанада қатты желдің салдарынан мұнара краны құлады, деп жазады stan.kz.

Оқиға "Рио-де-Жанейро" тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болған. Әлеуметтік желіде құлаған кранның видеосы тарады. Видео авторы құрылыс алаңындағы басқа крандардың да құлау қаупі бар екенін айтып, шара қабылдауды сұраған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, кранның құлауы желдің күрт күшеюі мен кранның уақтылы күшейтілмеуі салдарынан болған.

"Сарыарқа ауданы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 25/4, "Рио-де-Жанейро" құрылыс алаңында (бас мердігер "G-park" ЖШС) КБ-405 мұнара краны дауылды желдің салдарынан құлағаны туралы ақпарат келіп түсті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала себеп – желдің күрт күшеюі және кран рельс жолдарында кранның уақтылы күшейтілмеуі", – делінген төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда қатты жел аялдаманы ұшырып түсіріп, адамдардың үстіне құлағаны туралы жазған едік.