14 мамыр күні екіжақты және үшжақты келіссөз, 15 мамыр күні пленарлық жиын өтеді.
Астанадағы Сирия бейбіт келіссөзі. 22 желтоқсан 2017 жыл (Көрнекі сурет).
Астанада Сирия бейбіт келіссөзі аясында келіссөзге қатысушы тараптардың екі жақты және үш жақты келіссөзі басталды деп хабарлады Қазақстан Сыртқы істер министрлігі (СІМ). Келіссөз жабық өтіп жатыр, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.
14 мамыр күні екіжақты және үшжақты келіссөз, 15 мамыр күні пленарлық жиын өтеді.
Келіссөзге БҰҰ мен Сирия делегациялары келген. Сирия қарулы оппозициясының өкілдері Астанаға 15 мамырға қараған түні ұшып келмек.
БҰҰ бас хатшысының Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура Астанаға бүгін күндіз келмек.
Министрліктің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақовтың айтуынша, АҚШ делегациясы бұл жолғы кездесуге қатысудан бас тартқан.
СІМ бұған дейін кепіл елдер келіссөзде Сириядағы қазіргі жағдайды, оның ішінде деэскалация аймақтарындағы ахуал мен гуманитарлық мәселелерді және өзара сенімді нығайту шараларын талқылайтынын хабарлаған.