Астанада қызметтік ит жоғалған жасөспірімді тапты

0
174

Жоғалған қыздың анасының айтуы бойынша, ол үйдегі жанжалдан соң итімен бірге үйден кетіп қалып, оралмаған.


Астанада қызметтік ит жоғалған жасөспірімді тапты

ERNUR.KZ. Кинологиялық қызмет орталығының полиция старшинасы Нұрболат Түйчиев пен оның Дан атты қызметтік иті жоғалып кеткен қызды тапты, деп жазады baq.kz.

Астана қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кешкі уақытта 102 арнасына кәмелетке толмаған жасөспірім қыздың жоғалуы туралы хабарлама келіп түсті.

Жоғалған қыздың анасының айтуы бойынша, ол үйдегі жанжалдан соң итімен бірге үйден кетіп қалып, оралмаған.

Жасөспірімді іздеу шаралары дереу ұйымдастырылды. Жедел уәкілдермен бірге іздеуге қызметтік итімен бірге инспектор-кинологта жұмылдырылды. Жасөспірімнің бас киімінен шыққан иіске қарап, ит иісті бірден қабылдап алған. Дан 25 минуттің ішінде саябақтағы орындықта отырған кәмелетке толмаған қызды іздеп тапты. Қыздың анасы көмек көрсетіп, қызын жедел іздестіргені үшін полицейлерге ерекше алғысын білдірді, - делінген хабарламада.

Неміс овчаркасы Дан полиция бөлімшесінің кинологиялық қызметінде 6 жылдай қызмет етуде. Ит бақылау жұмыстарына жақсы үйретілген және иіс ізін пайдаланып адамды іздеуге әбден дағдыланған. Жоғалған адамдарды іздеу Дан қызметтік иті үшін үйреншікті жұмыс, ол оны жоғары кәсібилікпен орындайды.