Астанада LRT құрылысы жалғасады – Алтай Көлгінов

0
683

Алтай Көлгінов бастапқыда жоспарланғандай 18 станция емес, 8 станцияны іске қосылатынын мәлімдеді.


Астанада LRT құрылысы жалғасады – Алтай Көлгінов

ERNUR.KZ. LRT құрылысы жалғасады. Бұл туралы Baigenews тікелей эфирінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Урбанистика орталығы қоғам мен транспорт саласындағы мамандардан ұсыныс жинағанын білесіздер. Осының негізінде халықаралық мамандар мен ел азаматтарынан 400-ден астам ұсыныс түсті. Қорыта айтқанда, азаматтардың 51 пайыздан астамы жобаның жалғасқанын қалайды. 42 пайызы жобаның өзге альтернативада жасалғанын, салынғанын қолдайды. Ал ұсыныс білдіргендердің 7 пайызы құрылысты толық сүріп тастау қажет екенін айтқан. Біз бірнеше нұсқаны қарастырдық. Оның ішінде осы нысандарды бұзып, орнын тазарту идеясы да болды. Бірақ қалада 500-ден астам бағана бар. Оны толық сүріп тастау үшін шамамен 20 млрд теңге қажет. Сондықтан бюджеттен көп қаржы жұмсалғанын ескере келе, LRT құрылысын толық аяқтау ойға қонымды деп шештік. Дегенмен үнемдеуге тура келеді. Бастапқыда жобаға 1 млрд доллардан астам ақша қажет болатын. Ал біз шығындарды қысқарту арқылы құрылысты аяқтауға 577 млн доллар қажет деп отырмыз», - деді елорда әкімі.

Алтай Көлгінов бастапқыда жоспарланғандай 18 станция емес, 8 станцияны іске қосылатынын мәлімдеді.

Ол әуежайдан бастап Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралықты қамтиды.

Әкімнің сөзінше, 5 жылжымалы құрам жұмыс істейді. Әр құрамға жалпы саны 600 адам сыятын 4 вагон жалғанады.

«Транспорттың жүру жиілігі 15 минут болады деп жоспарланып отыр» деп атап өтті Алтай Көлгінов.