Астанада министрлік қызметкеріне "мінсіз күйеу" іздеcтіріліп жатыр

0
1 409

Қарт әке кандидаттарды мұқият іріктеп жүргеніне үш айдың жүзі болыпты.


Астанада министрлік қызметкеріне

ERNUR.KZ. Ақмола облысында зейнеткер жергілікті газетке хабарлама беріп, қыздарының біріне "мінсіз күйеу" іздеп жатыр, деп жазады sputniknews.kz.

Қарт әке кандидаттарды мұқият іріктеп жүргеніне үш айдың жүзі болыпты.
Қалыңдық 40 жастан асқан, бұрын тұрмыс құрыпты, қызы бірінші сыныпта оқиды екен. Екі жоғары білімі бар, елордада министрліктердің бірінде жұмыс істейді. Арқа сүйер азаматтан басқаның бәрі бар. Бұл туралы "Еуразия бірінші арнасы" хабарлады.

"Ішпейтін, шылым шекпейтін болуы керек. Дұрыс өмір сүру салтын ұстануы тиіс. Еңбекқор, жігерлі, жан-жақты болсын", - деп Серғазы Әмен үміткерге қойылатын талаптарды тізіп шықты.

Үміткерлер көп, алайда бірінен соң бірі хабарсыз кетеді екен.

"Қоңырау шалады. Мен: "Келіңіздер, танысайық" деймін. Бірақ олар ұялады", - деді ақсақал.

Қызының қарсылығына қарамастан, әкесі күйеу іздеуді жалғастырып жатыр. Зейнеткер қалайда аста-төк той өткізуге бел шеше кіріскен секілді.