Астанада ойыншық жұтып қойған екі бала жазым бола жаздады

0
809

Бірнеше күн бұрын кішкентай Фатима төсектен тұра алмай қалған.


Астанада ойыншық жұтып қойған екі бала жазым бола жаздады

ERNUR.KZ. Астанада екі бала ойыншық шарикті жұтып қойып, өліп кете жаздады. Дәрігерлер ішекті бітеп тастаған затты дер кезінде анықтады, деп жазады sputnik.kz.

Бірнеше күн бұрын кішкентай Фатима төсектен тұра алмай қалған. Іші ауырып, ішкен тамағын құсып тастай берген. Ата-анасы бір жарым жасар баланың ішінде бөгде заттың бар екенін білмеген, тамақтан уланып қалды деп ойлаған.
"Балам екі күн бойы құсты. Басында инфекциялық ауруханада болдық. Сосын осында алып келді", - дейді Дариға Дәулетбаева.
Бастапқыда дәрігерлер ішек инфекциясын іздеген. Алайда бірнеше күннен кейін кішкентай қыздың дәретке бармай жүргенін байқайды. Сол кезде дабыл қағып, шұғыл хирургия бөліміне алып барады.
"Біз баланы бірден рентгенге түсірдік. Сосын кеңесшімізді шақырдық. Сөйтіп, "ішектің бітелуі" диагнозымен өз стационарымызға ауыстырдық. Біз оның бөгде затты жұтып қойғанын білмедік. Өйткені ата-аналары шарикті жұтып қойғанын айтпады", - деп атап өтті 2-аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Серік Баймолдин.
Баланың асқазанына түскен кішкентай шарик гидрогелийлік болып шықты. Ондай заттар суға түскенде үлкейеді. Медициналық көмек уақытында жасалмаса, адам қаза болады.
Қазіргі кезде Фатиманың жағдайы жақсы. Бірнеше күн бұрын оған ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, Фатимамен қатар тағы бір бала ауруханаға түскен. 11 айлық сәби де шарик жұтып қойыпты.