Астанада оқыс оқиға салдарынан адам қаза тапты

0
1 229

Кадрларда жанармай құю бекеттерінің бірінде полиция көлігі қаптап тұрғаны көрінеді.


Астанада оқыс оқиға салдарынан адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Астанадағы Ақан сері көшесінде адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты болды. Елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады, деп жазады tengrinews.kz.

Оқырман оқиға орнынан түсірілген видеоны редакцияның +7 777 001 44 99 WhatsApp-нөміріне жолдаған.

Кадрларда жанармай құю бекеттерінің бірінде полиция көлігі қаптап тұрғаны көрінеді. Аймақ қоршауға алынған.

Полиция мәліметінше, 29 желтоқсанда Ақан сері көшесімен келе жатқан КамАЗ жүргізушісі солға бұрылып бара жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

"Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Полиция қызметкерлері адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Астана Полиция департаменті азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Жүргізушілер жолдарда қырағы және мүмкіндігінше мұқият болуы керек, жаяу жүргіншілер жолды тек белгіленген жерлерден кесіп өтуі керек екені ескертілді.