​Астанада тағы да бес бала тірідей жанып кете жаздады

0
5 948

Бұл уақытта көпбалалы ана жұмыста болған.


​Астанада тағы да бес бала тірідей жанып кете жаздады

фото: скриншот

ERNUR.KZ. Астана қаласында көпбалалы отбасы тұрып жатқан кепе үйден өрт шығып, ішінде қалған 5 балажанып кете жаздаған, деп жазады Еуразия Бірінші арнасы.

Жалдамалы жұмыстан бас көтермейтін отанасы түнгі уақытта жұмыста болған. Ол қаладағы мейрамханалардың бірінің асханасында істейді екен. Ал, отағасы жұмыс іздеп кеткен. Осы кезде жер кепеде өрт шыққан.

Үйдің ішіндегі ағаштан жасалған үстел оттың қызуынан тұтанып жана бастаған. Ал, бұл кезде үйдің іші қою, қара түтінге толған. Бұны балалар байқамаған. Ал, отағасы абырой болғанда уақытында келіп балалардың өмірін аман алып қалыпты.

Ормановтар отбасы аядай жерде бес баласымен бірге 10 жыл бойы тұрып келеді. "Екі қолға бір күрек" деген жұптың арманы мөлдіреген бүлдіршіндерді жеткізу. Сол үшін қолдарынан келгенше қаражат тауып, "балаларды аш қалдырмасақ" дейді. Өстіп жүргенде, қапыда құлыншақтардан қол үзіп қала жаздады.

Оқиға кешкі 9-дар шамасында болған. Алыс жолдан келген отағасы бөлменің ішін қаулаған түтінді көріп, жанұшыра балаларды сыртқа шығарыпты. Бұл уақытта көпбалалы ана жұмыста болған.

"Жұмыс істемеуге лажым жоқ, басымызда несие, күйеуім жұмыссыз жүр", - деп мұңаяды көпбалалы Ақнұр Орманова.

“Кеше 5 бала жанып кетті. Сол сияқты біздің де үйіміз жанып кетейін деді. Мен жұмыста болдым. Папасы жол жүріп келген. Келіп, өшіріп далаға шкафтарды шығарып тастадым дейді”.

Уақытында перзенттерін құтқарып қалған әкенің қуанышында шек жоқ. Алайда, аз ақшаны қайда жеткізуді білмей өмір сүруден әбден шаршадық дейді. Ал, қоғам белсенділерінің пікірінше, ана түсінігі еліміздегі ең құрметті есімге әлі айналмай келеді. Баспана бірінші берілуі керек, сондай-ақ әлеуметтік көмектен де аналарды құр қол қалдырмау керек дейді.