Астанада тергеушіге шабуыл жасаған үш адам сотталып кетті

0
138

Қылмыстық пиғылын іске асыру барысында олар жәбірленушінің тұрғылықты мекенжайына барып, үйінің кіреберісінде оған шабуыл жасаған.


Астанада тергеушіге шабуыл жасаған үш адам сотталып кетті

ERNUR.KZ. Сот үкімімен билік өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін үш адам сотталды, деп жазады inform.kz.

Құқық қорғау органының тергеушісі мемлекеттік орталық органдардың бірінің лауазымды тұлғалары мен ЖШС басшылығына қатысты жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп, компанияның активтерін бұғаттаған. Оның қызметтік міндеттерін орындағаны үшін кек алу мақсатында сотталған үш адам тергеушіге шабуыл жасауды ұйымдастырған.
Қылмыстық пиғылын іске асыру барысында олар жәбірленушінің тұрғылықты мекенжайына барып, үйінің кіреберісінде оған шабуыл жасаған.
Сотта мемлекеттік айыптаушы шабуыл жасағандардың кінәсін толық дәлелдеді.
— Сот үкімімен шабуылдың ұйымдастырушысы 5 жылға бас бостандығынан айырылып, қалған екі қатысушы сәйкесінше 4 және 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді, — делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұдан бұрын зейнеткер туысын құтқару үшін жалған тергеушіге жарты млн теңге беріп жібергені анықталды.