Астанада жеке тұрғын үй өртеніп, төрт бала қаза тапты

0
427

Қазір өрттің себебі анықталуда.


Астанада жеке тұрғын үй өртеніп, төрт бала қаза тапты

ERNUR.KZ. Елордада жеке тұрғын үйден өрт шығып, төрт бала мерт болды. Тілсіз жау сөндірілді, деп жазады kaz.inform.kz.


«Бүгін таңертең Астанада екі қабатты жеке тұрғын үйде шатыр жартылай құлап, өрт болды. Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін өрт орнына 6 минутта жетті. Өрт алдын ала 500 шаршы метр алаңда оқшауланып, толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапты», - делінген хабарламада.

Қазір өрттің себебі анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.