​Астаналық полицейлер мейрамханалар алдында кезекшілік жасайтын болады

0
1 336

Кезекшілік адамдардың полиция қызметкерлерінің бар екендігін көруі және ешкім қоғамдық тәртіпті бұзбауы үшін жасалады.


​Астаналық полицейлер мейрамханалар алдында кезекшілік жасайтын болады

ERNUR.KZ. Елорда полициясы бұзақылық жиі болатын көңіл көтеру орындары маңында кезекшілік атқара бастады. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қалалық жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Тахир Әбдірахманов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Біз көңіл көтеру орындары, нақты айтқанда азаматтардан хабарлама көп түскен мейрамхана мен дәмханалардыңмаңында полиция кезекшілігін қоя бастадық. Бұл ешқандай тексеру емес. Полиция қызметкерлеріне қызметтік киіммен көңіл көтеру орнынан кіріп шығуға нұсқаулық бердік. Бұл адамдардың полиция қызметкерлерінің бар екендігін көруі үшін жасалады және ешкім қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс», - деді ол Нұр-Сұлтан қалалық кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордада түнгі сағат 1-ден таңғы 6-ға дейінгі аралықта. «Хиты ХХ - века», «Ыстанбұл», «Қазақша дискотека», «Шымкент», «Чарли Чаплин», «Пункт П», «Золото», «EscoBar» сынды көңіл көтеру орындарында қылмыс жиі орын алады.