Астаналықтар пластикалық бөтелкені өткізіп қоғамдық көлік картасын толтыра алады

0
504

Бір пластикалық бөтелкенің құны 3 теңгені құрайды.


Астаналықтар пластикалық бөтелкені өткізіп қоғамдық көлік картасын толтыра алады

ERNUR.KZ. Елордада пластикалық бөтелкені өткізіп, оның құнына қоғамдық көлік картасына бірлік салуға болады. Бұл туралы CTS (City Transportation Systems) ЖШС-ның қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Науат Азанбаева мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бөтелкені тапсыр да қоғамдық көлік картасын толтыр. Ендігі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көлігінің көлік картасын бос бөтелкені тапсыру арқылы толықтыруға болады. Көлік карталарын пайдаланушылар бөтелкелерді тапсырғаны үшін сыйақы қарастырылған, бір пластикалық бөтелкенің құны 3 теңгені құрайды», - деді аталған компания өкілі Науат Азанбаева.

Оның айтуынша, өткізілген пластикалық бөтелкелер қайта өңдеуге жіберіледі.

Елорда бойынша алғашқы бөтелке өткізу құрылғысы «Астаналық базарда» («Артем» сауда үйі) орналасқан.