Астананың бірнеше ауданы жарықсыз қалды

0
255

Қолайсыз ауа райының салдарын жедел жою үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.


Астананың бірнеше ауданы жарықсыз қалды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ERNUR.KZ. Қатты жел салдарынан Астананың кейбір аудандары жарықсыз қалды. Бұл туралы "Астана-РЭК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

Қазір төтенше жағдайлар қызметі Оңтүстік-Шығыс ықшамауданы, оң жағындағы 10 киловольттық әуе желілерінде, сондай-ақ Алматы және Сарыарқа аудандарындағы жеке тұрғын үйлерде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Қолайсыз ауа райының салдарын жедел жою үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды: 12 жедел және 12 жөндеу бригадасы жұмыс істеп жатыр, екі арнайы техника (АГП) және ДГҚ жұмылдырылды", - делінген хабарламада.