Асыл тұқымды малға тиесілі субсидия шаштаразға берілген

0
1 049

Үш өңірде 279 кәсіпорын заңсыз субсидия алған.


Асыл тұқымды малға тиесілі субсидия шаштаразға берілген

ERNUR.KZ. Мемлекет бөлген қыруар ақша қайда кетіп жатыр? Бірқатар аймақта асыл тұқымды малған арналған субсидия сұлулық салоны, фармацевтикалық компания, жылжымайтын мүлікті жалға беру, автокөлік жөндеу сынды қызмет көрсетуші мекемелерге берілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы, Павлодар, Түркістан және Алматы облыстарында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге түк қатысы жоқ 279 кәсіпорын заңсыз субсидия алған. Ал асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау саласына бөлінген қаржы көлемі 1 млрд теңгеге жуық. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы мәлімдеді.