Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанаға есепке қою мерзімі қысқаруы мүмкін

0
642

Депутаттар Сенаттың жалпы отырысында заң жобасын ұсынды.


Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанаға есепке қою мерзімі қысқаруы мүмкін

ERNUR.KZ. Парламент депутаттары Сенат қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ұсынды. Онда бірқатар заңға өзгерістер енгізілмек. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында айтылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бастамашы топтың атынан Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі, Сенат депутаты Ләззат Сүлеймен баяндама жасады. Спикер заң жобасының негізгі қағидаларына тоқталып өтті.

«Неке және отбасы туралы» кодекске, егер кәмелетке толмаған балаға туысы, өгей әкесі (шешесі) тұлғасында дереу қамқоршы тағайындау қажет болса, тиісті органдар психологиялық даярлықтан өткізбестен қамқоршылықты белгілеуге құқылы болады. Қазіргі заңнама бойынша баланы алу үшін 1 жыл психологиялық дайындықтан өту керек. Сондай-ақ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған медициналық оңалту орталықтарын тек астанада, облыстарда, қалалаларда ғана емес, аудан орталықтарында, қолданыстағы ауруханалар мен емханалардың базасында құру бойынша жергілікті атқарушы органдарының құзіреттілігі бекітіледі. Аталған норма ауылдық, аудандық елді мекендегі ерекше қажеттілігі бар балалар үшін тұрақты оңалту қызметтері қолжетімді етпек. Үнемі медициналық процедураларға мұқтаж балаларды толыққанды қамтуға жол ашады», - деді ол.

Сонымен қатар Заң жобасында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу үшін есепке қоюдың мерзімін 6 айдан 3 айға дейін қысқарту көзделген.