Ата-аналар мектепке дейінгі ұйымға қаражаттың аударылуын қадағалай алады

0
257

«Қаражатты баланың соңынан ілестіру» қағидаты бойынша берілген ақшалай қаражатты ваучер арқылы мектепке дейінгі ұйымға аударуды 2 түрлі механизммен жүзеге асыру қарастырылған.


Ата-аналар мектепке дейінгі ұйымға қаражаттың аударылуын қадағалай алады

Кәсіпкерлер балабақшаларда мемлекеттік тапсырысты жан басына шаққандай қаржыландыруды алып отыр. Тапсырысты алып отырған балабақшаларға қаражат виртуалды ваучер түрінде аударылады. Ал, конкурс әлі жүргізілмеген, жаңадан ашылатын орындарға берілетін қаражат көлемі баланың есепшотына аудару арқылы жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манара Адамова ОКҚ брифингінде хабарлады.

Ата-аналар банктен есепшот ашқысы келмеген жағдайда қаражат виртуалды ваучер ретінде жіберіледі. Ал, қаражат аударылуын өз бақылауында ұстағысы келетін ата-аналар банктен есепшот ашады.

«Таңдаған банктен смс келеді, сол арқылы автоматты түрде есепшот ашылады. Ата – ана баласы баратын балабақша жөнінде және сол ваучерді алғандығы жөнінде хабарламасын жіберу керек. Содан кейін барып, сол қаражат аударылатын болады. Біріншіден, бұның тиімділігі, бүгінгі күні бізде осы мынау мемлекеттік тапсырысты орналастыруда бірнеше жағдайлар орын алған: балалардың кезекте қайталануы, қаражаттың бірнеше балаға мемлекеттік тапсырыстың берілуі деген сияқты балабақшада. Осыған байланысты, алдымен, Министрліктің көздеп отырған алда қойған мақсаты – қаржының балаларға берілудің ашықтығын қамтамасыз ету және де қаржының мақсатты жұмсалуын іскеиасыру және ата-ана үшін тиімді тұстары – бұл ата-ананың балабақшаны таңдау мүмкіндігі бар», – деді спикер.

Тұратын үйге жақын орналасқан балабақшада орын болмаған жағдайда, балабақшадан шығып қайта кезекке тұрудың қажеті жоқ. Таңдаған балабақшада орын босағанға дейін күту кезегінде тұру мүмкіндігі бар.