Фархат Әбдірайымов 1966 жылы 21 қаңтарда Алматы қаласында туған.
Сурет актердің инста жеке парақшасынан алынды
Грузияда түсірілім алаңында актер Фархат Әбдірайымов қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Фархат Әбдірайымов 1966 жылы 21 қаңтарда Алматы қаласында туған. Биыл қаңтар айында 55 жасқа толар еді.
Актер Алматы технологиялық университетінің технологиялық факультетін бітірген "инженер-технолог" мамандығы бойынша бітірген болатын.
20-дан аса фильмде эпизод, басты рольдерде ойнаған.