Тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.
ERNUR.KZ. Ақмола облысында сотталғандарға қатысты күш қолдану дерегі бойынша прокуратура сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«2023 жылғы 3 қыркүйекте әлеуметтік желіде Атбасар ауданының №1 түзеу мекемесі қызметкерлерінің сотталғандарға қатысты күш қолданғаны туралы бейнероликтер жарияланған. Осы факті бойынша Ақмола облысының прокуратурасы ҚК 146-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар). Осы күні прокуратура өкілдері бірінші кезектегі жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асырумен аталған мекемеге барды», - делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.
Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігінің Ақмола облысының колониясындағы сотталушыны азаптау дерегіне қатысты тергеу жұмысын жүргізіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.