Атом электр стансасы Алматы облысындағы Үлкен ауылының маңына салынады

0
532

ҚР Энергетика министрінің атап өтуінше, енді атом электр стансасы құрылысына қатысты бірқатар аспектіні зерделеу қажет.


Атом электр стансасы Алматы облысындағы Үлкен ауылының маңына салынады

ERNUR.KZ. ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов атом электр стансасы салынатын орынды нақтылады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Нақты орын емес, орналасатын өңірге қатысты ведомствоаралық комиссия өткіздік. Қалай десек те, ол Балқаш көлі маңында орналасады. Бұл - Алматы облысындағы Үлкен ауылының төңірегі. АЭС салынатын жерді айқындадық»,- деді Болат Ақшолақов Президент жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне.

Оның атап өтуінше, енді атом электр стансасы құрылысына қатысты бірқатар аспектіні зерделеу қажет.

«Биыл осы уақытқа дейін бірнеше рет айтқан нюанстарды зерделеу жұмысын жүргізу қажет. Олар геология және суға байланысты мән-жайлар. Осыдан кейін нақты координаттар белгілі болады. Содан соң есептеулерді байланыстырамыз. Бірақ есеп жүргізу үшін технологияны айқындау қажет. Технологияны келесі жылы айқындаймыз»,- деді министр.