Аты аңызға айналған Джеки Чан шапан киіп, қазақша ән шырқады (видео)

0
677

Танымал актер "Ақ шашу" әніне қосылып ән салып, билеген.


Аты аңызға айналған Джеки Чан шапан киіп, қазақша ән шырқады (видео)

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде аты аңызға айналған гонконгтық актер, каскадер, режиссер, продюсер, сценарист және экшн-режиссер Джеки Чанның шапанда түскен видеосы пайда болды. Кадрда танымал актер "Ақ шашу" әніне қосылып ән салып, билеген, деп жазады zakon.kz.

"Qazaqstan 24/7" Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа қарағанда, Джеки Чан фильмді түсіру үшін Іле-Қазақ автономиялық округіне барған.

"Жергілікті қазақтар актерды қарсы алып, шапан жауып, айғырды сыйға тартты", - делінген хабарламада.


Qumash_kz Instagram паблигінің жазылушылары Джеки Чанның мұндай видеосына баға берді:

  • «Өте сүйкімді»,
  • «Жаным, Джеки»
  • «Жәке Чанбаев»,
  • «Джеки енді Жәке»
  • «Ең құрметті Қытай азаматы»,
  • «Ақ шашу» екенін түсініп тұрмын, бірақ қытайша әнді тыңдап тұрғандаймын»,
  • «Қазақтардың ең маңызды миссиясының бірі – бүкіл әлемге шапан жабу»,
  • «Адамның 75%-ы судан тұрса, Джеки шкафының 99%-ы - шапан».

Қытайда 1,5 миллионға жуық этникалық қазақ тұрады.