Бауыржан Тұрсынұлы 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Атырау облыстық Сотының төрағасы болып Жұмағұлов Бауыржан Тұрсынұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Бүгін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов құқық қорғау органдары жетекшілеріне жаңадан тағайындалған Атырау облысының Сот төрағасын таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі" - деп хабарлады Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Бауыржан Тұрсынұлы 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Мамандығы – құқықтанушы, заңгер.
Әр жылдары Алматы қаласының прокуратурасында, Ақмола облысының Әділет басқармасында қызмет атқарып, 1999-2002 жылдары Астана қаласының соты, 2002-2006 жылдары Атырау облысы Атырау қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы болып қызмет етті.
2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратында және 2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында жұмыс істеді.
Ал бұған дейін Атырау облыстық Сот төрағасы болған Марғұлан Бектұрғанов Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына басқа қызметке ауысты.