Құтқару жұмыстарына 45 адам және 8 техника жұмылдырылды.
ERNUR.KZ Атырауда Бақсай су арнасында балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасуда, деп жазады BAQ.KZ.
17 қаңтардағы жедел мәліметтерге сәйкес, құтқарылған балық шабақтарының жалпы саны 6,4 миллионды құрады.
Құтқару жұмыстарына 45 адам және 8 техника жұмылдырылды.
“Құтқарылған балық шабақтары тірі күйінде Жайық өзеніне жіберілуде. Құтқарылған балық түрлері – орташа салмағы 5-6 грамм болатын сазан және тұқы. Жағдай ерекше бақылауға алынған,” - деп жазылған министрлік хабарламасында.