Атырау облысында елді мекендер жарықсыз қалды

0
598

Күшті желден 300-ге тарта электр бағаны құлап, желілер зақымданды.


Атырау облысында елді мекендер жарықсыз қалды
ERNUR.KZ. Күшті желден 300-ге тарта электр бағаны құлап, желілер зақымданды, деп жазады Zakon.kz.

Хабар 24 телеарнасы таратқан ақпаратқа сай, Атырау облысы Құрманғазы ауданында қатты дауыл тұрып, салдарынан ауданға қарасты 16 елді мекен жарықсыз қалған еді. Аудан табиғи аппаттан кейін әлі қалпына келген жоқ.

Күшті желден 300-ге тарта электр бағаны құлап, желілер зақымданды. Салдарынан электр желісімен қоса, телефон байланысы және жеке секторларда жылу жүйесі істен шықты.

6 наурыз күні аудан орталығы Құрманғазы селосы мен тағы 4 елді мекенге жарық берілген.

Бүгін таңертең аудандағы 58 мың 300 абоненттің 90 проценті электр желісіне қосылыпты. Апат салдарын қалпына келтіруге 8 бригада мен 22 техника жұмылдырылған.

Ағашы бар, бетоны бар желге қарсы тұрған соқалар желден құлады. Именно 10 мың вольттық, сосын бір соқа құлаған, «Еңбекші» ауылында 35 мыңдық. Қазір жұмысты бітіріп жатырмыз, түсқайта сағат 4-те «Бірлікке» береміз. Онда 550 абонент бар. «Утераға» түстен кейін береміз, «Көктоғайға» ертең береміз. Сондай-ақ бүгін «Қызылобаны» да үлгереміз. Толықтай 11 наурызда аяқтаймыз, бұйырса.