​Атырау облысында саяси науқанда 271 сайлау комиссиясы жұмыс істейді

0
1 112

Мұнайлы өңірде 407 мыңнан астам азамат тізімге алынды. Олар 262 учаскеде өздерінің еріктерін білдіретін болады.


​Атырау облысында саяси науқанда 271 сайлау комиссиясы жұмыс істейді

ERNUR.KZ. Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы 9 маусымда өтетін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына орай дайындық жұмыстарын бастады, деп жазады«Хабар 24».

Биылғы саяси науқанда облыс бойынша 271 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Қазір сайлаушылардың тізімі нақтылануда. Мұнайлы өңірде 407 мыңнан астам азамат тізімге алынды. Олар 262 учаскеде өздерінің еріктерін білдіретін болады. Облыстық аумақтық сайлау комиссияларында 1959 мүше бар. Олардың сайлау процестеріне қатысуы үшін электораттық оқыту семиналары ұйымдастырылған. Мақсат – еліміз үшін аса маңызды саяси шарадан ешкімнің де шет қалмауына жағдай жасау.

Азамат Айманақұлов, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Олар үшін дауыс беру учаскелерінде арнайы ақпараттық бұрыштар, транспорттар, кабиналар жасақтау жоспарланып отыр. Тағы бір ерекшелік сайлау комиссиялары құрамында. Егер бұрын мүшелердің саны 7 болуы керек болса, жаңа заңнама бойынша олардың саны 11-ге дейін өзгерген.