Атырау облысындағы Талдыкөл ауылының тұрғындарын эвакуациялау басталды

0
484

Тасқын су Талдыкөл ауылына кіретін жолдың екі бөлігіне жайылған.


Атырау облысындағы Талдыкөл ауылының тұрғындарын эвакуациялау басталды

ERNUR.KZ. Атырау облысындағы Талдыкөл ауылының тұрғындарын эвакуациялау бастадды. Мұндай шешім тасқын судың ауылға кіретін жолды басу қаупіне байланысты қабылданған, деп жазады inform.kz.

Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаевтың айтуынша, тасқын су Талдыкөл ауылына кіретін жолдың екі бөлігіне жайылған.

«Осыған байланысты тұрғындарды алдын ала қауіпсіз аумаққа эвакуациялау басталды. Бірінші кезекте жүкті әйелдер, балалар мен зейнет жасындағы қариялар көшіріледі. Ал, ауыр науқастар облыстық денсаулық сақтау басқармасы әзірлеген алгоритм бойынша эвакуацияланады. Тұрғындар үшін Атырау қаласындағы APEC жоғары колледжінде және «Dana» қонақ үйінде эвакуациялық пункттер дайындалды», - деді Қайрат Нұрлыбаев.

Оның айтуына қарағанда, Талдыкөл ауылында 1,5 мыңға жуық тұрғын тұрады. Ал, ауылға кіретін жолдың ұзындығы 7 шақырымды құрайды.