Атырауда ауыл мектебіндегі ұлдар дәретханасына бейнекамера орнатып қойған

0
420

Қызылқоға ауданының Жасқайрат ауылындағы орта мектептің директоры Тәттігүл Қалиеваның түсіндіруінше, дәретханадағы мүлік бірнеше рет бүлінген.


Атырауда ауыл мектебіндегі ұлдар дәретханасына бейнекамера орнатып қойған

ERNUR.KZ. Атырау облысында Ш. Еркінов атындағы орта мектептегі ұлдарға арналған дәретханаға бейнекамера орнатып қойған, деп жазады inform.kz.

Қызылқоға ауданының Жасқайрат ауылындағы орта мектептің директоры Тәттігүл Қалиеваның түсіндіруінше, дәретханадағы мүлік бірнеше рет бүлінген. Дәретханада ұсақ бұзақылық жасалатын болған.

«Осыған байланысты Ш. Еркінов атындағы орта мектепте қолжуғыштарға бағытталған бейнекамераны орнату қажеттілігі туындады. Бұл ретте ешкімнің құқығы бұзылған жоқ. Орнату туралы шешім мектеп әкімшілігімен және қамқоршылар кеңесінің басшысымен бірлесіп қабылданған еді. Мұндай шешім тәртіп сақтау және бұзақылық фактілерінің алдын алу мақсатында қабылданды. Камераның жазбасын тексеру тек менің құзіретімде», -дейді Тәттігүл Қалиева.

Атырау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Қызылқоға ауданындағы Ш. Еркінов атындағы орта мектептегі ұлдар кіретін дәретханадағы бейнекамераны алып тастау жөнінде шешім қабылданған.

«Қазір Атырау облыстық білім басқармасы жанынан осы фактіні зерделеумен айналысатын комиссия құрылды. Комиссия тексерісінің нәтижесі туралы қосымша хабарланады», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.