Қарақшылар мұнымен қоймай, жәбірленушіні мобильді қосымша арқылы бөтеннің есепшотына 1,5 миллион теңге аударуға мәжбүрлеген.
ERNUR.KZ. Атырау полицейлері тонау жасады деген күдікпен екі жас жігітті ұстады, деп жазады orda.kz
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 20 қаңтарда полиция бөліміне Атырауда уақытша тұратын 35 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны хабарласқан. Әйелдің айтуынша, белгісіз екі ер адам кешке оның пәтеріне баса көктеп кіріп, ұрып-соғып, пышақпен және қаруға ұқсайтын затпен қорқытып, екі смартфонын, қымбат сағатын, алтын бұйымдарын, 40 мың теңгесін алып кеткен.
Қарақшылар мұнымен қоймай, жәбірленушіні мобильді қосымша арқылы бөтеннің есепшотына 1,5 миллион теңге аударуға мәжбүрлеген. Полицейлер тез арада күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар 28 және 24 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты.
Ұсталған кезде тәртіп сақшылары ұрланған телефондар, сағаттар, зергерлік бұйымдар мен 1,1 миллион теңге көлеміндегі қолма-қол ақша тапты. Сонымен қатар, күдіктілерден пневматикалық қару табылды.
Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы «Тонау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.