Атырауда қатты желден шатырлар ұшып жатыр

0
2 531

Қатты желдің әсерінен бірнеше жерде шатырлар ұшып кетіп, олардың құлап кетуі адамдардың өміріне қауіп төндірген.


Атырауда қатты желден шатырлар ұшып жатыр

ERNUR.KZ. "Қазгидромет" РМК "облыстың кей жерлерінде аздаған қар жауып, ұйытқуы секундына 25 метрге дейін жететін қатты желдің болатыны" жөнінде ескертіп, төтенше жағдайлар департаменті соған байланысты халыққа хабарлап, қала мен аудан әкімдіктеріне ескерту мен қажетті шараларды қабылдау жөнінде ақпарат берген, деп жазады inbusiness.kz.

Қазіргі күні қатты желдің әсерінен бірнеше жерде шатырлар ұшып кетіп, олардың құлап кетуі адамдардың өміріне қауіп төндірген жағдайлар болды. Атап айтқанда, "Нұрсая" ықшамауданындағы үйлердің бірінен 72 м2 болатын шатыр бөлігінің ұшып, қайырылып, шатырдың қалған бөлігінің үстіне құлағаны анықталды.

Оқиға орнына барған облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары авариялық-құтқару жабдықтарының көмегімен бүлінген конструкцияларды нығайтып, қауіпті аймақты қоршады.

Сондай-ақ, құтқарушылар Азаттық көшесіндегі көп қабатты үй шатырының құлайын деп тұрған 16 шаршы метр бөлігін қатайтып, қалпына келтірді. Олар бұл үшін альпинистік құрал-жабдықтарды пайдаланып, көлік жолына түскен шатырларды жинақтап алған. Осындай жедел әрекеттердің арқасында ешкімнің денсаулығына зақым келіп, зардап шеккен жоқ.