Атырауда қоқыс арасынан Қазақстанның бірнеше туы табылды

0
1 142

Бейнежазба Қарабатан кен орны аумағында түсірілген болып шықты.


Атырауда қоқыс арасынан Қазақстанның бірнеше туы табылды

ERNUR.KZ. Атырау облысындағы вахталық лагерь аумағында қоқыс арасынан Қазақстанның бірнеше туы табылды. Оқиғаны жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп алған, деп жазады stan.kz.

Видеода қоқыс арасында жатқан туларды көтеріп жүрген бірнеше адам көрінген.

“Бұл SICIM базасы. Мемлекеттік рәмізіміз №8 квартал маңындағы қалдықтардың арасында жатыр. Қандай көзқарас? Біз шара қолдануды талап етеміз", - деген видео авторлары.

Бейнежазба Қарабатан кен орны аумағында түсірілген болып шықты. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 372-бабы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Тергеу мүддесі үшін тәртіп сақшылары басқа мәліметтерді жарияламады.

Баптың санкциясында ірі айыппұлдан екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.