​Атырауда мас әке жасөспірім қызын гитарамен ұрып-соқты

0
1 674

Ер адам мас күйінде үйінде жанжал шығарған.


​Атырауда мас әке жасөспірім қызын гитарамен ұрып-соқты

ERNUR.KZ.Атырауда кәмелеттік жасқа толмаған қызын соққыға жыққаны үшін ер адам жеті тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik қаланың мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, ер адам мас күйінде үйінде жанжал шығарып, жасөспірім қызының басынан гитарамен ұрған, сөйтіп, қасақана денсаулығына жеңіл-желпі зақым келтірді.

Сот қаулысы бойынша ер адам айыпты деп танылып, жаза ретінде жеті тәулікке әкімшілік қамауға алынды.